| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түлкібас ауданының «Хан-Сұлтан» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы) | Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, Геолог -2, ғимарат 123|1 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық почта) | Ұялы телефон: 87021907314 Электрон почтаcы: hansultan_bb@mail.ru |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә. лауазымға тағайындау туралы ) бұйрықтың көшірмесі | Уйсимбаева Салтанат Кузенбаевна 2019 жылы № 1 |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың\куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 08.06.2018ж БСН: 180640009941 |
| 6 | Рұхсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе)мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон | Мемлекеттік лицензия 20.12.2022ж №22000439 KZ30RVK00043209 хабарлама берілген. 14.12.2022ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2019жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 8 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: I ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы- минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас –МАД топ,4жас-ересек топ, 25-30 минут, 3жас-ортаңғы топ, 15-20 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны – 200 балаға арналған. |
Балабақша ғимараты 2қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 200 орындық, 8топ жұмыс жасайды.Балдәурен МАД тобы, Балдырған МАД тобы, Бәйтерек ересек тобы, Қыран ересек тобы, Ботақан ересек тобы, Балапан ортаңғы тобы, Балбөбек ортаңғы тобы, Бүлдіршін ортаңғы тобы, әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00-бастап 18:00сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 8 топ ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып- шайынатын бөлмелер бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, психолог кабинет, асхана, қойма, кір жуатын бөлме, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт- дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал-сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары егілген.Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Мед кабинет;
— Теледидар саны – 9 дана;
— ноутбук — 3 дана;
— Принтер – 2дана.
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалары безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», кітаптар сөресі, «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша дамытушы орталықтары жасақталған.